
Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда атап өтіледі. 1949 жылы бекітілген бұл күн балалардың құқықтарын қорғауға, олардың қауіпсіздігіне, денсаулығына және білім алуға қолжетімділігіне қоғам назарын аударуға арналған.
Мақсаты: Әрбір баланың бақытты балалық шаққа, зорлық-зомбылықтан қорғалуға және сапалы білім алуға құқығы бар екенін қоғамға еске салу.
Рәмізі: Мерекенің ресми туы жасыл түсті матадан тұрады. Оның ортасында Жер шарының белгісі, ал айналасында бес түрлі түсті (қызыл, көк, қара, ақ және сары) адам бейнелері орналасқан. Бұл бірлік пен алуан түрлілікті білдіреді.
Дәстүрлері: 1 маусым күні көптеген қалаларда мерекелік концерттер, фестивальдер, шығармашылық шеберлік сабақтары және қайырымдылық акциялары өткізіледі.
Балаларды қорғау күніне орай мәдениет мекемелері өткізетін іс-шаралар:
|
«Өнер фабрикасы» атты шеберлік сабағы
|
1 маусым Сағат: 11:00 |
Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі |
|
«Бояулар әлемі» атты нашар еститін және саңырау балаларға арналған пленэр |
1 маусым Сағат: 10.00 |
Көркемөнер галереясы
|
|
«Балалық – бақыт бастауы» инклюзивті ойын-сауық кеші
|
1 маусым |
С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы
|
|
«Алтын сақа» ертегісі Қойылым |
1 маусым Сағат: 12.00 |
Б.Римова атындағы академиялық драма театры |
|
«Жетісу жұлдыздары – 2026» облыстық балалар шығармашылығы байқауының Гала-концерті
|
1 маусым Сағат: 17.00 І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы |
Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығы
|
|
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық концерті
|
1 маусым Сағат: 10.00 Балаларды бейімдеу орталығы |
Д.Рақышев атындағы филормониясы |