«Балаларға арналған қиял-ғажайып комикс» байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды

«Балаларға арналған қиял-ғажайып комикс» байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды

С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы ұйымдастыруымен өңірде тұңғыш рет өткен «Балаларға арналған қиял-ғажайып комикс» байқауы өз мәресіне жетті. Байқау жас буынның шығармашылық қабілетін шыңдап, балалар әдебиетін заманауи комикс жанры арқылы насихаттауға, сондай-ақ оқырмандардың қысқа да мазмұнды туындыларға қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Байқауға жеке және топтық бағыт бойынша барлығы 12 жұмыс ұсынылып, қатысушылар ұлттық кейіпкерлер мен аңыздарды тың қырынан бейнелеуге талпыныс жасады. 13 мамыр күні онлайн сараптау кезеңі өткізіліп, 15 мамырда үздік жұмыстар анықталды.

Нәтижесінде:

І орын — Асанқызы Айсұлудың «Жиренше және үнсіз аспаз» комиксіне,

ІІ орын — Бақыт Аяулымның «Ер Төстік және Самұрық» туындысына,

ІІІ орын — Чуркина Дарьяның «Бурабай аңызы» комиксіне берілді.

Байқау барысында қатысушылардың қиял ұшқырлығы, ұлттық мұраға деген қызығушылығы мен шығармашылық ізденістері ерекше байқалды. Әрбір жұмыс балалар әлемінің бояуын айқындап, халқымыздың ертегі-аңыздарын жаңа форматта ұсынуға жол ашты.

Сонымен қатар, байқауға белсенді қатысып, өз еңбектерін ұсынған барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталып, шығармашылықтарына сәттілік тілінді. Осындай игі шаралар жас таланттардың шабытын шыңдап, балалар әдебиеті мен комикс өнерінің дамуына серпін беретіні сөзсіз.