«Ясауи ілімі және адамгершілік құндылықтар» атты ашық дәріс өтті

«Ясауи ілімі және адамгершілік құндылықтар» атты ашық дәріс  өтті

С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында түркі әлемінің рухани көшбасшысы, ойшыл, ақын Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ясауи ілімі және адамгершілік құндылықтар» атты ашық дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында  «Руханият шамы – Ясауи әлемі» атты кітап көрмесіне таныстырылым жасалып, «Ясауи мұрасы – мәңгілік тәрбие негізі» атты бейнекөрсетілім ұсынылды. №27 орта мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Мұқсипа Аяжан Нұрхатқызы, Авиценна колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Жүнісов Мәжікен Адамович Ясауи ілімінің тәрбиелік маңызы туралы мазмұнды баяндама жасап, студенттерге өз ой-пікірлерін бөлісті. Шараға Талдықорған  қаласының Авиценна медициналық колледжінің студенттері қатысты.

Сондай-ақ, «Ой сергіту: Даналыққа бір қадам» сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.

Дәріс соңында қатысушыларға адамгершілік, имандылық, адалдық секілді асыл қасиеттерді дәріптеудің маңызы айтылып, шара әсерлі қорытындыланды.