«Ұлы жеңіске тағзым» атты кітап көрмесі

«Ұлы жеңіске тағзым» атты кітап көрмесі

       Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұлы жеңіске тағзым» атты кең көлемді кітап көрмесі С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы ұйымдастырылды. Аталған көрменің негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерлігі мен батырлығын ұлықтау, тарихи жадымызды жаңғырту және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Көрме аясында соғыс тақырыбын арқау еткен көркем әдебиеттер, деректі еңбектер, естеліктер мен тарихи басылымдар көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы облысы және Жетісу облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысып, көрмемен жақын танысты. Сонымен қатар, Талдықорған қаласындағы № 4 мектеп, № 10 және №125 high school оқушылары келді. Кітапхана қызметкерлері келушілерге ұсынылған әдебиеттерге шолу жасап, әрбір кітаптың мазмұны мен тарихи маңызына тоқталды. Әсіресе, соғыс жылдарындағы майдангерлердің өмір жолы, олардың көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы туралы мәліметтер қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Көрме барысында оқырмандар халқымыздың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдер туралы тың деректер алып, бейбіт өмірдің қадірін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, батыр бабаларымыздың Отан үшін жасаған жанқиярлық ерліктеріне тағзым етіп, олардың рухына құрмет көрсетті. Осындай тағылымы мол шаралар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға және патриоттық тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.