
Құрметті өнер сүйер қауым! Сіздерді 24 сәуір күні сағат 19:00-де өтетін ерекше музыкалық кешке шақырамыз! Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның эстрада әншісі, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Бақытгүл Әбенованің «Бақыттың гүлі» атты жеке концерті өтеді. Кеш қонақтары: Өмірқұл Айниязов, Гүлмира Ақүрпекова, Сая Есенгелдинова, Гүлбану Лахаева, күйші, композитор Рүстем Наурызов, Нұржан Ахметбек, Тілек Нағымбаев, «Күреңбел» триосы, эстрадалық-симфониялық оркестр, «Жетісу» би ансамблі. Өтетін орны: Бикен Римова атындағы академиялық драма театры. Кешімізге келіп, жанды дауыстағы әсем әндер мен ерекше атмосфераның куәсі болыңыздар! Билет бағасы:4000-5000 мың тенге. Байланыс телефон: 8-701-342-19-88, 8-747-787-88-81, 8-701-567-48-07.