
Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Брайль жүйесінің 22 әрпін қайталау және бекіту сабағы өткізілді.
Сабақ барысында оқырмандар Брайль қарпіндегі әріптерді қайта қарап, олардың жазылу және оқылу ерекшеліктерін пысықтады. Қатысушылар арнайы құралдардың көмегімен тәжірибелік жұмыстар орындап, өз білімдерін бекітті.