Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің 90 жыл толуына орай «Қазақ рухын жырлаған қаламгер» атты әдеби вернисаж өткізілді. Аталған шараға Талдықорған қаласының № 12 орта мектеп гимназиясының 8-сынып оқушылары қатысты. Қаламгердің кітапхана қорында бар еңбектері негізінде «Сөз өнерінің саңлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, автордың шығармашылығы насихатталды. Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алып, оның қазақ әдебиетіндегі орны туралы кеңінен танысты. Жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы «Тарих пен тағдыр қосқан қалам» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, жазушының «Қаздар қайтып барады» шығармасынан үзінді оқылды.