
Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Еңбек және әлеуметтік қолдау» атты ақпараттық сағат өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасы, азаматтардың еңбек ету құқықтары, әлеуметтік қолдау шаралары мен мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері, жеңілдіктер мен қолдау тетіктері кеңінен түсіндірілді.
Ақпараттық сағаттың мақсаты – оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы маңызды мәліметтермен таныстыру болды.
Шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.