
Халықаралық театр күніне орай Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Театр – өмір айнасы» атты танымдық сағат өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға театр өнерінің шығу тарихы, оның қоғамдағы маңызы мен рухани құндылығы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, қазақ театрының қалыптасуы мен дамуы, көрнекті актерлер мен сахна шеберлері жайлы қызықты деректер айтылды.
Шара аясында тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасалды. Оқырмандар театр өнеріне қатысты кітаптармен танысып, өздерінің таным көкжиегін кеңейтті.