Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Бір ел – бір кітап» акциясы өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Бір ел – бір кітап» акциясы өтті

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділов шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында жазушының «Тағдыр» романына кеңінен шолу жасалып, шығарманың тақырыбы, көтерген мәселелері, тарихи кезеңді бейнелеудегі ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қаламгердің басқа да еңбектері туралы қысқаша мәлімет беріліп, кітаптары арнайы көрмеге қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға шығарма мазмұны жүйелі түрде таныстырылып, автордың шығармашылық жолы мен әдеби мұрасы туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ іс-шара барысында бөлім қорындағы мүмкіндіктер таныстырылып, оқырмандарға Қабдеш Жұмаділов шығармаларын аудио нұсқада тыңдап оқуға болатыны айтылды. Арнайы құрылғылар арқылы кітаптарды қолжетімді түрде пайдалану жолдары көрсетіліп, бөлім қызметінің ерекшеліктері түсіндірілді.