
Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Брайль қарпінің 11 әрпін жазу бойынша практикалық жаттығу өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар Брайль жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, арнайы тақтайша мен құралдардың көмегімен 11 әріпті жазып үйренді. Практикалық сабақ зағип және нашар көретін азаматтардың жазу дағдыларын дамытуға, Брайль қарпін меңгеруіне бағытталды.
Жаттығуды кітапханашы Айдарбеков Берік жүргізіп, қатысушыларға Брайль қарпін дұрыс жазу тәсілдерін түсіндіріп, тәжірибелік көмек көрсетті.