
Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ана өмірдің шуағы» атты мерекелік концерт өтті. Шара Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің клубында ұйымдастырылды.
Мерекелік кеш Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысы филиалының төрағасы Махатов Арман Зейноллаұлы-ның құттықтау сөзімен ашылды. Ол жиналған қауымды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегі мен ақжарма лебізін білдірді.
Концерттік бағдарлама барысында аналар мен нәзік жандыларға арналған әсерлі әндер шырқалып, жүрекке жылы өлеңдер оқылды. Сонымен қатар көрермендерге арналған қызықты викториналық ойындар ұйымдастырылды. Кітапханашы Айдарбеков Берік пен кітапхананың тұрақты оқырманы Римма Николаевна шағын сахналық көрініс қойып, көрермендердің ықыласына бөленді. Шара соңында кітапхана және қоғам бірлестігінің атынан сыйлықтар үлестірілді.