Онлайн бюджетный мониторинг

Онлайн бюджетный мониторинг

Онлайн бюджеттік мониторинг

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай - Департмамент) бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау мақсатында тұрақты негізде «онлайн бюджеттік мониторингі» жүзеге асырады.

Онлайн бюджеттік мониторингті енгізу кезіңінде Департамент білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары қызметкерлердің төлемдері бойынша тәуекел деңгейі жоғары операцияларды анықтап, жалпы сомасы 67 968,5 мың теңгеге  105 мониторинг объектісіне хабарламалар жолданды, оның ішінде:

  • білім беру саласында 66 объектіге 43 493,9 мың теңге сомасына хабарлама жіберілді.
  • мәдениет және спорт бойынша 26 объектіге 18 663,0 мың теңге сомасына хабарлама жіберілді.
  • денсаулық сақтау бойынша 13 объектіге 5 811,6 мың теңге сомасына хабарлама жіберілді.

«Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі бюджет қаражатының пайдаланылуын нақты уақыт режимінде жедел бақылау және қаржылық бұзушылықтар тәуекелдерін ерте кезеңде анықтау құралы ретінде өз тиімділігін көрсетті.

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру және превентивті бақылауды күшейту бағытында жұмысты жалғастыруда.