«Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесі

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесі

Облыстық С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде қазақ халқының ұлы жырауы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесі өтті.

Көрмеге ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған жыр жинақтары, естеліктер, зерттеу еңбектері және Жамбыл туралы жазылған әдебиеттер қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Шара барысында ақынның елдік рухты көтерген, халықтың мұң-мұқтажын жырлаған туындылары жайлы мәлімет беріліп, оның қазақ әдебиетіндегі орны ерекше екені айтылды.

Кеш аясында бөлімнің тұрақты оқырманы Дәуен Алғысбек «Төгейін жырды халқыма» атты жырын әсерлі орындап, жиналған қауымға ерекше рухани әсер сыйлады. Оның орындауындағы жыр жолдары кештің мазмұнын тереңдете түсіп, оқырмандардың  зор ықыласына бөленді.