Музей tour: экспонаттар экспедициясы Қызылорда қаласында

Музей tour: экспонаттар экспедициясы Қызылорда қаласында

Қызылорда қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейінің «Ілияс Жансүгіров және Қызылорда кезеңі» атты жылжымалы көрмесі құрылып, салтанатты ашылуы өтті. Көрме «Музей tour: экспонаттар экспедициясы» жобасы аясында ұйымдастырылды.  Тағылымды шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Сондай-ақ, көрмеге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева және Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері арнайы қатысты. Көрмеге Ілияс Жансүгіровтің жеке тұтынған заттары, сирек қолжазбалары, фотосуреттері мен құнды архивтік құжаттары көпшілік назарына ұсынылды. Ақынның Қызылорда кезеңіндегі шығармашылық ізденістері мен қоғамдық қызметі көрме мазмұнында кеңінен қамтылып, сол дәуірдің әдеби-рухани тынысы айқын көрініс тапты.

Бұл игі шара музейаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тарихи тұлғалар арасындағы рухани байланысты насихаттауға бағытталған. 

Көрме 2026 жылдың 25 ақпанына дейін жалғасады.