
Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Заңды білу – сенімді қадам» атты танымдық сағат өтті.
Шара барысында оқырмандарға Қазақстан Республикасының негізгі заңдары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары туралы кеңінен ақпарат берілді. Бұдан бөлек, күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық жағдайлар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңды білу әр азаматтың сенімді қадамы екені атап өтілді. Қосымша құқықтық тақырыптағы кітаптар таныстырылып, заңға қатысты әдебиеттерге шолу жасалды.