Сакен Сейфуллин атындағы Орталық кітапханасында Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай «Ауған соғысы: ұмытылмас тағдырлар» атты тағылымы терең еске алу кеші өтті.
Іс-шара аясында «Ауғаныстан ақиқаты» кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, «Ерлік – елге мұра» атты мазмұнды бейнеролик көрсетілді.
Кеш барысында ауған соғысының ардагерлері М. Айнеков,
А. Омаров, М. Баймолдинов, Ө.Сүлейменов өздерінің жүрек жарды естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа патриоттық рух пен отансүйгіштік өнегені насихаттады.
Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің оқушылары ақын Жангелді Немеребайдың «Ай мен гүл» өлеңінің желісі бойынша дайындалған мазмұны терең драмалық қойылым ұсынып, кештің көркемдік деңгейін арттырды.
Сонымен қатар ауған соғысының ардагері М. Айнеков «Арманға» атты әсерлі әннін орындап, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Сондай-ақ Алматы облысы және Жетісу облысының мамандандырылған күзет басқармасының полиция сержанты Талғатқызы Айдананың орындаған «Туған жер» әні қатысушылардың жүрегіне елге, жерге деген сүйіспеншілікті ұялатты.
Бұл тағылымды кеш ауған соғысының тарихта қалдырған ауыр ізі мен ерлікке толы беттерін еске салумен қатар, бейбіт өмірдің қадірін ұғындырған рухани мәні зор шара болды.