
Талдықорған қаласындағы Дәнеш Рақышев атындағы филармонияда Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ақын өлеңдеріне жазылған әндерден «Есіңе мені алғайсың» облыстық әншілер байқауы Гала-концерті мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Байқау аясында Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, Д.Рақышев атындағы облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Сая Есенгелдинова және республикалық байқаулардың лауреаты, филармонияның эстрада әншісі Мәди Мұсафиров жас әншілерге арналған шеберлік сағатын өткізді.
Негізігі мақсаты: Ақынның сан алуан тақырыптағы өлеңдеріне ән жазған композиторлар санында есеп жоқ. Сол әндер бүгінде ел игілігіне айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен жаңа орындаушыларды анықтап, жастар арасында өнерге деген құштарлықты арттыру. Мұқағали мұрасын кеңінен насихаттау.
Айтулы әншілер байқауына Жетісу облысының аудан, қала аймақтарынан 16-35 жас аралығындағы 29 әнші 2 номинация бойынша сайысқа түседі. Біріншісі-дәстүрлі ән, екіншісі-эстрадалық ән.
Аталған байқауда қазылық еткен қазылар алқасының мүшелері:
1) Әрін Әміре Әрінұлы - Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, қазылар алқасының төрағасы;
2) Әміреев Жұматай Оспанұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Жетісу облыстық «Jetisý» газетінің бас редакторы;
3) Лахаева Гулбану Сейілханқызы - Д.Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының жеке дауыстағы әншісі, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі;
4) Искаков Арафат Қалибекұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Республикасының домбырашылар одағының құрметті мүшесі, дәстүрлі әнші;
5)Арыстанбаев Мақсат Серікұлы - Д.Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының концерт бөлімінің басшысы.
Байқау нәтижесі бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар арнайы дипломдармен, ақшалай сертификаттармен және арнайы статуэткалармен марапатталды. Сонымен қатар, ерекше өнерімен көзге түскен 13 өнерпазға арнайы жүлделер мен алғыс хаттар табысталып, лайықты құрмет көрсетілді. Бұл марапаттар ақын мұрасын ұлықтауға үлес қосқан жас таланттардың еңбегін айқындап, мерейлі кештің айбынын асыра түсті.