
Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Брайль әліпбиінің алғашқы 11 әрпін үйренуге арналған оқыту сабағы өтті. Сабақты кітапханашы Айдарбеков Берік жүргізді.
Іс-шара барысында оқырмандар Брайль әліпбиінің шығу тарихы мен оның оқу және жазудағы маңызы туралы мәлімет алды. Сабақта Брайль қарпінің алғашқы 11 әрпінің нүктелі-бедерлі құрылымы жан-жақты түсіндіріліп, әр әріптің жазылу ерекшеліктері көрсетілді.
Сабақтың практикалық бөлімінде қатысушылар Брайль тақтайшасы мен грифильді пайдалана отырып, Брайль қарпінің алғашқы 11 әрпін өз беттерінше жазып көрді. Кітапханашы әр оқырманға жеке-жеке көмек көрсетіп, әріптерді дұрыс жазу техникасын меңгеруге бағыт-бағдар берді.