«Жәмилә» драмасының премьерасы

«Жәмилә» драмасының премьерасы

Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қала қонақтары, сіздерді 10-11 ақпан күні  сағат 19.00-де Бикен Римова атындағы Академиялық драма театрында Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» драмасының премьерасын көруге шақырамыз!  

Қойылымның режиссері: «Құрмет» орденінің иегері Мұқанғали Томанов. Сценограф: Тимур Коесов. Хореограф: Айжан Құнанбаева.   

Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» повесі – махаббат пен еркіндік тақырыбын терең философиялық әрі лирикалық тұрғыда суреттейтін көркем шығарма. Бұл шығарманы тіпті, әйгілі француз жазушысы Луи Арагон «Әлемдегі ең әдемі махаббат хикаясы...» деп баға беріп кеткен.

Повесть Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қырғыз ауылының өмірін баяндайды. Шығарма жас суретші Сейіттің естелігі арқылы өрбіп, оның жеңгесі Жәмилә мен соғыстан жараланып оралған Данияр арасындағы таза да шынайы сезімнің қалыптасуын бейнелейді.  

Көптеген тілдерге аударылған шығармада тек соғыс зардабы немесе әйел тағдыры жайлы емес, одан терең, үлкен махаббат оқиғасы баяндалады.

Бұл тек махаббат туралы хикая емес, бұл – еркіндік пен жүрек қалауының жеңісі. Соғыстың суық ызғары сезілген ауыл тіршілігі, ауыр еңбек және екі жанның арасындағы үнсіз үндестік...    

Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар! Театрда кездескенше, құрметті көрермен!