
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының концерт залында эстрадалық үрлемелі аспаптар оркестрінің орындауында аңызға айналған музыкант Виктор Цойдың шығармашылығына арналған естелік концерт ұйымдастырылды.
Кеш барысында көрермендерге Виктор Цойдың кеңінен танымал әндері үрлемелі аспаптарға лайықталып, жаңа музыкалық өңдеуде ұсынылды. Оркестр орындауындағы композициялар рок музыка мен симфониялық әуеннің үйлесімін көрсетіп, тыңдарманға ерекше әсер сыйлады.
Концерт бағдарламасы көрермендердің зор қызығушылығын тудырып, зал лық толды. Музыкалық кеш барысында Виктор Цойдың шығармашылығы, оның музыка әлеміндегі орны мен рухани мұрасы ерекше атап өтілді. Көрермендер орындаушыларды жылы қабылдап, әр номерді зор ықыласпен тыңдады.
Аталған концерт жас ұрпақты сапалы музыкаға баулып, әлемдік рок мәдениетінің көрнекті өкіліне деген құрметті арттыруды мақсат етті.
Шара жоғары деңгейде өтіп, тыңдармандарға ұмытылмас әсер қалдырды.