«Өз құқығыңды біл – өзіңді қорға» атты тренинг сабақ өткізді

«Өз құқығыңды біл – өзіңді қорға» атты тренинг сабақ өткізді

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде кітапханашы зағип оқырмандар арасында «Өз құқығыңды біл – өзіңді қорға» атты тренинг сабақ өтті.

Тренинг барысында кітапханашы Қапанов Қуаныш зағип жандардың құқықтары туралы жан-жақты ақпарат беріп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударды. Сонымен қатар іс-шара аясында құқық тақырыбындағы кітаптар таныстырылып, заңдар мен азаматтардың құқықтары туралы әдебиеттерге шолу жасалды.

Оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, күнделікті өмірде өз құқықтарын қорғау жолдары жөнінде пайдалы мәлімет алды. Іс-шара зағип оқырмандардың құқықтық білімін кеңейтуге бағытталды.