Брайль әліпбиімен және Брайль тақтайшасымен танысу сабағы өтті

Брайль әліпбиімен және Брайль тақтайшасымен танысу сабағы өтті

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Брайль әліпбиімен және Брайль тақтайшасымен танысуға арналған оқыту сабағы ұйымдастырылды. Сабақты кітапханашы Айдарбеков Берік жүргізді.

Іс-шара барысында оқырмандар Брайль әліпбиінің пайда болу тарихы, оның оқу мен жазудағы маңызы туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар, Брайль тақтайшасы мен грифильді пайдалану арқылы нүктелі-бедерлі әріптерді, сөздер мен қысқа мәтіндерді жазу тәсілдері түсіндірілді.

Сабақтың практикалық бөлімінде қатысушылар Брайль тақтайшасын қолданып, өз беттерінше әріптер мен сөздерді жазып көрді. Кітапханашы әр оқырманға жеке түсіндірме жасап, дұрыс жазу техникасын меңгеруге көмектесті.