
«Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Брайль қарпін компьютерде теру әдісін үйретуге арналған оқыту сабағы өткізілді.
Оқу сабағында арнайы бейімделген компьютерлер, Брайль қарпін енгізуге арналған пернетақта, экранды дыбыстайтын бағдарламалар (NVDA, JAWS), мәтіндік редакторлар және Брайль дисплейі пайдаланылды. Брайль қарпімен мәтінді компьютерде теру ережелерімен, пернетақта комбинацияларымен және арнайы бағдарламалардың жұмыс істеу тәртібімен танысты.
Аталған оқу сабағы зағип және нашар көретін азаматтардың білімін жетілдіруге, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға және ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға бағытталды.