
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде үйге қызмет көрсету жұмыстары жүргізілді. Тұрақты оқырманымыз, 1-топ көз мүгедегі Қасейнова Кульшари ханымның тапсырысы бойынша Брайль қарпімен басылған кітаптар және аудиокітаптар үйіне жеткізілді.
Қызмет көрсету барысында оқырманның кітапқа деген сұраныстары тыңдалып, алдағы уақытта қажетті әдебиеттерді жеткізу мәселелері келісілді.