Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада қоғамдағы рухани қауіпсіздікті нығайту және оқырмандардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Діни экстремизм – қауіпті құбылыс» атты ақпараттық сағат өтті.
Шара жүргізушінің кіріспе сөзінен басталып, қатысушыларға діни экстремизмнің мәні, оның қоғамға келтіретін зияны және радикалды идеологияның таралу қаупі туралы мәлімет берілді. Тақырыпты тереңірек түсіндіру үшін «Діни экстремизм – қоғамға төнген қауіп» бейнеролигі көрсетілді.
Іс-шараға Жетісу облысының Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының маман-теологы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Қанат Мүтебаев қатысып, діни тұрақтылықты сақтау, дұрыс ақпаратты ажырату және қауіпті жалған ағымдарды тану жолдары жөнінде құнды ақпарат айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, кітапханашы Гаухар Болатбекова «Діни экстремизм – қоғам қауіпі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолумен жалғасты. Ақпараттық сағатқа №1 Абай атындағы орта-мектеп гимназиясынң 9 сыныптың оқушылары қатысты.