«QuizNight: кешкі білім додасы» кешкі кітапханасы өтті

«QuizNight: кешкі білім додасы» кешкі кітапханасы өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Кешкі кітапхана жобасы аясында оқырмандардың зияткерлік қабілетін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру және белсенді шығармашылық ортаны қалыптастыру мақсатында «QuizNight: кешкі білім додасы» атты зияткерлік ойыны өтті. Шараға қала мектептерінің оқушылары қатысып, сайыс барысында 5 топқа бөлінді.Қатысушылар өз білімдерін төрт түрлі бағыттағы қызықты кезеңдер бойынша сынға салды.

Зияткерлік сайыс 4 кезеңнен тұрды:

1-кезең:р«SpeedMind»
Бұл кезеңде қатысушылардың ойлау жылдамдығы мен білім деңгейі тексерілді. Қысқа да нұсқа логикалық және танымдық сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беру — кезеңнің негізгі талабы болды.

2-кезең:р«SmartPics»
Экранда көрсетілген суреттерді талдай отырып, жасырылған мақал-мәтелді табу тапсырылды. Қатысушылар бұл бөлімде бейнелік ойлау мен ассоциация құру қабілеттерін көрсетті.

3-кезең:т«Тыңда&Тап»
Қатысушылар белгілі фильмдер, сериалдар немесе әншілердің музыкалық үзінділерін тыңдау арқылы әуеннің қандай кино немесе мультфильмге тиесілі екенін анықтауы қажет болды. Бұл кезең жасырын әуенді тану арқылы есте сақтау мен музыкалық білімді тексерді.

4-кезең: «4 сурет, 1сөз»
Берілген төрт фотосуретке ортақ бір ұғымды табу—логика мен байқағыштықты талап ететін қызықты тапсырма. Қатысушылар суреттер арасындағы байланысты тез аңғарып, ортақ атауды анықтауға тырысты.

Шара соңында сайысқа белсенді қатысқан ZenTeam, NeoZhalyn, ShabytTañ, QanatOrda  топтарына алғыс хаттар, ал барлық кезеңдер бойынша жоғары көрсеткішке ие болған NeoQyran тобы үздік деп танылып  диплом табысталды.

Шараға № 12,16,22,125 қала мектептерінен оқушылары  қатысты.