«Бір ел-бір кітап» акциясында Жыл таңдауы» атты жылжымалы кітап көрмесі өтті

«Бір ел-бір кітап» акциясында Жыл таңдауы» атты жылжымалы кітап көрмесі өтті

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» акциясында 2025 жылға таңдалған проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары мен поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін  Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларын насихаттау барысында  «Жыл таңдауы» атты жылжымалы кітап көрмесі  «Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мекемесінде өткізілді. 

Кітап көрмесінде   әр жылдары жарық көрген Жұмекен Нәжімеденовтың екі томдық шығармалар жинағы мен өлеңдері, поэмалары және Тәкен Әлімқұловтың сегіз томдық шығармалар жинағы  «Көкек айы» атты повесть пен әңгімелері, «Қаратау өрнектеріатты кітаптары   таныстырылып,  библиографиялық  шолу жасалды.