
Биыл, Бақтыбай Жолбарысұлының туғанына 190 жыл. Осыған орай Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында ақындар айтысы өтті. Игі шараға облыстық Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі «Жетісудың жыр домбыралары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Музей қорынан құралған көрмеге Бақтыбай Жолбарысұлының өзі ұстаған домбырасы көпшілік назарына ұсынылды. Домбыраны ақынның ұрпақтары үстіміздегі жылдың наурыз айында музей қорына өткізген болатын. Көрмеге сондай-ақ, Жетісудың дүл-дүл ақындары Сара Тастанбекқызы, Қуат Терібаев, Темірғали Рүстембеков, Қалқа Жапсарбайұлы, Айтақын Бұлғақовтың домбыралары қойылды. Көрме барысында Жетісудың айтыс өнерін ту еткен ақындардың өнегелі өмір жолы, қалдырған сөз мұрасы туралы айтылды.