
2025 жылдың 14 қараша күні Жетісу облысының әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдығына арналған «Дүбірлі туған дүлдүлім» мерейтойлық конференция өтті.
Конферения баяндамашылары:
Анарбай Бұлдыбай - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ғалым.
Әрін Әміре Әрінұлы - Ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері.
Бұлғақов Айтақын Мұхамедиұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Жетісу облысының Бас ақыны.
Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлы - Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, модератор.