Облыстық кітапханада «Қазақ хандығының хандары» атты ақпараттық сағат өтті

Облыстық кітапханада «Қазақ хандығының хандары» атты ақпараттық сағат өтті

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай «Қазақ хандығының хандары» атты ақпараттық сағат өтті.

Кітапханашы Рауан Нұрланов оқырмандарға Қазақ хандығының құрылуы мен оның тарихи маңызы туралы әңгімелеп, Керей мен Жәнібек хандардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлігіне тоқталды. Сондай-ақ Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заң жүйелері қазақ қоғамындағы әділдік пен тәртіптің негізі болғаны жайлы айтып өтті.

Сондай-ақ шара барысында «Қазақ хандығы – тәуелсіздіктің бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Қазақ хандығының тарихы мен хандардың ел басқарудағы рөліне арналған еңбектер қойылды. Оқырмандар тарихи тұлғалардың өнегелі өмірі мен батырлық істері туралы тың деректер алып, ел тарихына деген қызығушылықтарын арттырды.