«Кешкі кітапхана» жобасы аясында Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында жас ақын Қалибек Бақыт Жамбылұлымен «Қарашаның тағы бір сәті...» атты поэзия мен шабытқа толы ерекше кездесу кеші өтті. Кеш барысында ақын өз шығармашылығынан сыр шертіп, жырларын оқып, оқырмандармен еркін әңгіме өрбітті. Шарада ақынның жаңа туындылары тыңдалып, көрермендер ерекше әсерге бөленіп,оқырмандар поэзия төңірегінде пікір алмасып, рухани сұхбат құрды. Сонымен қатар Дәнеш Рақышов атындағы филармониясының әншісі Азамат Үмбетов ақынның сөзіне жазылған «Ана», «Бағала», «Қазақстаным» әндерін орындап және поэзиялық ойын ұйымдастырылды.
Іс-шара әдебиет пен руханиятқа қызығушылықты арттырып қана қоймай, жас таланттарға шабыт пен қолдау сыйлаған мәнді кеш болды.
Кеш соңында қатысушылар ақынмен естелік суретке түсіп, ұйымдастырушыларға және шара қонағына алғыстарын білдірді.