2025 жылы 10 айының "Онлайн бюджеттік мониторинг"

2025 жылы 10 айының "Онлайн бюджеттік мониторинг"

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі 01.01.2025 жылдан бастап 31.10.2025 жылға дейін бюджет қаражатының мақсатты  жұмсалуын бақылау мақсатында   «Онлайн  бюджеттік  мониторингі»  жүйесін жүзеге асырады.

«Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі ақша қаражатының аударылуын  бақылауға  және  бұзушылықтарды  анықтауға  мүмкіндік  береді.   

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы төлеуге бағытталған.

Департамент онлайн бюджеттік  мониторингін  енгізу кезінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының төлемдері жоғары деңгейдегі қызметкерлерге қатысты 555 382,7 мың теңге сомасында мониторинг бойынша 409 объектілерге хабарлама  жолданды.

Оның ішінде: білім беру  саласы бойынша 442 470,6 мың. теңге сомаға 227 объектілерге  хабарлама  жіберілді.

Мәдениет және спорт саласы бойынша 66 959,4 мың теңге сомаға – 125 объектіге хабарлама жіберілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 45 952,6 мың теңге сомаға 57 объектілерге хабарлама жіберілді.

Сондай-ақ Департамент тарапынан "Жетісу облысы білім басқармасы" ММ, "Жетісу  облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ, "Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы" ММ, "Жетісу облысы мәдениет басқармасы" ММ-мен бірлесіп, анықталған бұзушылықтар, кемшіліктерді және оларды болашақта болдырмау үшін, тұрақты түрде жиындар өткізіліп отырады.

«Онлайн - бюджеттік мониторинг» модулі қаржылық бұзушылықтарды жедел анықтаудың тиімді құралы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Жетісу облысы  бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн - бюджеттік мониторинг»  бойынша алдын алу бақылауын күшейту және бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.