«Жетісу Виртуоздары» ансамблі мен «Айналайын балалары»

«Жетісу Виртуоздары» ансамблі мен «Айналайын балалары»

«Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Айналайын» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйінің «Жетісу Виртуоздары» ансамблі барып, концерттік бағдарлама ұсынды. Ансамбльдің жетекшісі - Ғұмаров Әділжан Нүсіпжанұлы.

Шара барысында ансамбль орындаған әсерлі әндер мен әсем әуендер балалардың көңілін көтеріп, ерекше қуаныш сыйлады. Балалар өнерпаздарға ризашылықтарын білдіріп, жүздерінен шаттықтың лебі сезілді.

Мұндай жылы кездесулер - мейірім мен рухани қолдаудың айғағы болды.