Музей қоры батырлардың картиналарымен толықты

Музей қоры батырлардың картиналарымен толықты

Жалайыр руынан шыққан Сыпатай мен Құланбай батырлардың бейнелері кескінделген картиналар Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне табысталды. Табыстаған Сыпатай руының Сәуік тармағынан шыққан ұрпақтары Шегебаев Серік Бекмырзаұлы мен Байменкенов Марат Бекетұлы.

Сыпатай – ХV ғасырда өмір сүрген әрі батыр, әрі би болған тарихи тұлға. Бүгінде есімі бір руға айналған. Бейіті Қарағанды облысы Шет ауданында орналасқан. Ал, Құланбай Оразбақұлы Сыпатайдың Сәуік ұрпағынан тараған. Құланбай батыр ХVІІ-XVІІІ ғасыр аралығында өмір сүрген. Жетісуды жоңғарлардан азат етуге атсалысқан тарихи тұлға.