Жетісу облысының мемлекеттік архивінде «Байрағымыз желбіреп, биік етсін сенімді» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Жетісу облысының мемлекеттік архивінде «Байрағымыз желбіреп, биік етсін сенімді» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Республика күніне орай Жетісу облысының мемлекеттік архивінде «Байрағымыз желбіреп, биік етсін сенімді» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — жастардың патриоттық рухын көтеру, мемлекеттік рәміздердің маңызын насихаттау және архив құжаттары арқылы ел тарихына терең үңілу. Шараға архив қызметкерлері мен Талдықорған инновациялық колледжінің орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері және кураторлары Р.Т. Габдуллина  қатысты. Құжаттарды пайдалану және ғылыми-анықтамалық аппарат бөлімінің басшысы Л.А. Ануарханова қатысушыларға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы, мемлекеттік рәміздердің тарихы мен мәні туралы баяндап, тарихи құжаттармен таныстырды. Дөңгелек үстел барысында студенттерге сұрақтар қойылды, пікір алмасты. Ұлттық мерекеге орай өткен шара жастардың тарихи санасын қалыптастыруға және елжандылықты арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.