
Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде 25 қазан – Республика күніне орай «Айналайын» балалар үйінің оқушыларымен «Елдікке бастаған күн» атты қайырымдылық шара ұйымдастырылды. Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Сондай-ақ, оқушылармен викториналық ойындар ойнатылды. Шара соңында әрбір оқушыға тарихи, тұлғатану, көркем әдеби кітаптар сыйға берілді.