Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен библиографтардың шығармашыл, талантты, бастамашыл кітапхана библиографы мамандарын анықтау мақсатында «Үздік библиограф – 2025» облыстық байқауы өтті.
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
1-кезең: Ұсыныс библиографиясының үлкен формалары бойынша: библиографиялық көрсеткіштер, дайджест, библиографиялық шолулар, өлкетанудың шағын энциклопедиялары ұсынылды. Қатысушылар тізімдегі формалардың бірін ұсынуы қажет болды.
2-кезең: Ұсыныс библиографиясының кіші формалары бойынша: әдебиеттер тізімі, буклет, жаднама, кітап бетбелгісі, парақша, плакат. Қатысушылар осы тізімдегі біреуін ұсынып, қысқаша түсініктеме берді.
3-кезең: «Библиографиялық оқу құралдары — ойыншық» кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі элементі — ойыншық, ойын немесе кез келген зат болады. Қатысушылар кітапхана қорындағы кітаптар негізінде библиографиялық кітаптар-ойыншықтар, оқу құралдары-макеттер, әдеби-библиографиялық ойындар, пазлдар дайындап, ұсынды.
Байқауға аудан, қала, ауыл кітапханаларынан 9 кітапханашы қатысып, өзара бақ сынасты.
І дәрежелі дипломмен Көксу аудандық кітапханасының библиографы Нұрмұхамбетова Айым, ІІ дәрежелі дипломмен Ақсу аудандық кітапханасының библиографы Зуқаш Назгүл, ІІІ дәрежелі дипломмен Талдықорған қалалық кітапханасының библиографы Баймұханбетова Ардақ марапатталды.
Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге Алғыс хаттар табысталды.