Қ.Байсейітовтің 120 жылдығына арналған халық театрлар арасындағы облыстық байқау-фестиваль

Қ.Байсейітовтің 120 жылдығына арналған халық театрлар арасындағы облыстық байқау-фестиваль

2025 жылдың 8–10 қазан аралығында Д.Рақышев атындағы филармонияда Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық артисі, әнші, актер, драматург Қанабек Байсейітовтің 120 жылдығына арналған халық театрлары арасындағы облыстық байқау-фестиваль өтті. Жетісу облысы бойынша 10 театр қатысты.

Фестивальдің мақсаты:

Халқымыздың мақтанышына айналған Қанабек Байсейітовтің есімін, шығармашылығын жас ұрпақтың санасына сіңіру, рухына тағзым ету;

Қоғамдағы бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне көңіл аудару, қазіргі заманның эстетикалық талабына сай драмалық шығармалардың жаңа формаларын табу, олардың дүниеге келуіне ықпал ету;

Қойылымдарда кәсіби емес халықтық театр ұжымдарының шығармашылық жұмыстары мен жобаларының жүзеге асуына жағдай жа­сау, қолдау;

Халықтық театр өнеріне жаңа үрдіс, жандандыру мен дамуына көпшілік қауымның назарын аудару.Өнер ұжымдарының шығармашылығын шыңдап, бұдан да биік белестерді бағындыруға ынталандыру, сондай-ақ көрермендерге театр өнерінің қасиетін ұғындыру.

Қазылар алқасы облыс көлемінде танымал театр саласының кәсіби мамандарынан құрылды:

Нұрхалық Серік Сақбайұлы - Қазақстанның  Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Алматы облысының, Талдықорған қаласының құрметті азаматы, алқа төрағасы.

Қожбанова Аян Әлмисақызы -         «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.

Мұңайтпасова Сандуғаш Баққалиқызы -  ҚР Мәдениет қайраткері, Ақсу ауданының құрметті азаматы.

Өтеулинова Назым Есболғанқызы - Мемлекеттік «Серпер» жастар сыйлығының иегері.

Абылқасымов Қайрат Қазыкенұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Жетісу облысы халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары.

Байқау қорытындысы театр ұжымдары дипломдармен ақшалай сертификаттармен марапатталды.