Бүгін, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс аумағында сенбілік өтті. Сенбілік қоғамдық орындарды, саябақтарды, жағалау аймақтарын, орман алқаптары мен басқа да аумақтарды тұрмыстық және басқа да қоқыстардан тазартуға, көшеттер отырғызуға бағытталған.
Сенбілікке мәдениет басқармасының қызметкерлері мен оған ведомстволық бағынысты мекемелер белсенді қатысты.
Бекітілген аумақта қоқыс, жапырақтар мен құрғақ бұтақтар жиналды. Болашақта қаламызды тазалау дәстүрі жалғасын табады.