Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен әдіскерлердің жан-жақты біліктілігін, кәсіби шеберлігін анықтау мақсатында «Үздік жыл әдіскері - 2025» облыстық байқауы өтті.
Байқау 3 кезеңнен тұрды.
1 кезең: «Мен әдіскермін» 1-3 минуттық өз қалауымен еркін форматта өздерін таныстыру, «Мамандық шеберлігі: үздік жоба» ол жүзеге асыратын шығармашылық инновациялық немесе эксперименттік авторлық жобасымен таныстыру
2 кезең: «Тестілеу кезеңі» мамандық бойынша кәсіби 20 тест сұрақтарына жауап беру
3 кезең: «Әдіскерлердің ақыл-ой алаңы» мамандық бойынша кәсіби 5 сұраққа жауап беру
Байқауға аудан, қала, ауыл кітапханаларынан 7 кітапханашы бақ сынасты. І ші дәрежелі дипломмен Кербұлақ аудандық кітапханасының кітапханашысы Сейдахметова Жанар, ІІ дәрежелі дипломмен Алакөл ауданы Тохтасунова Феруза, ІІІ дәрежелі дипломмен Ескелді ауданы Смагулова Ақнұр марапатталды. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге Алғыс хаттар табысталды.