Ғабит Тұрсынбайұлының 60 жасқа толуына арналған “Өнерім – Өмірім” атты шығармашылық кешіне шақырамыз!

Ғабит Тұрсынбайұлының 60 жасқа толуына арналған  “Өнерім – Өмірім” атты шығармашылық кешіне шақырамыз!

3 қазан күні сағат 16:00-де Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының концерт залында Қазақстанның мәдениет саласының дамуына өзіндік үлес қосқан өнер майталманы, белгілі ақын Ғабит Тұрсынбайұлының 60 жасқа толуына арналған  “Өнерім – Өмірім” атты шығармашылық кеші өтеді.

Кеш барысында филармония ұжымының және шақырылған өнерпаздардың қатысуымен әсерлі музыкалық бағдарламалар ұсынылады.

Кіру тегін!

Барша өнерсүйер қауымды мерейлі кешке шақырамыз!