27-28 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі аясында Жетісу облысы өзін жоғары деңгейде таныта білді. Шараның басты ерекшеліктерінің бірі – мәдени бағдарламалар кешені болды.
Осы орайда, Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының өнер ұжымы елордалық көрерменге ерекше әсер сыйлады. Талантты әншілер мен күйші, бишілердің кәсіби шеберлігі мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі жиналған жұртты тәнті етті.
Жетісу филармониясы – тек өнердің емес, руханият пен дәстүрдің жаршысы. Осындай ауқымды алаңда өнер көрсету – үлкен мәртебе, зор жауапкершілік.