«Жетісу аруы - 2025» облыстық байқауы

«Жетісу аруы - 2025»  облыстық байқауы

Кеше, І.Жансүгіров атындағы  Мәдениет сарайында «Жетісу аруы - 2025»  облыстық байқауы 3 кезең бойынша ұйымдастырылды. Байқаудың ұйымдастырушылары Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы.

«Жетісу аруы-2025» сұлулық байқауының мақсаты: ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді тереңірек насихаттау және облысымыздағы дарынды жастардың жаңа мүмкіндіктерін ашу, үндестік пен әдемілік арқылы қазақ қызының бойындағы инабаттылық пен ұлттық тәлім-тәрбиені насихаттау.

Қазылар алқасының құрамы:

Сабитова Айгүл Ташболатқызы - Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, алқа төрағасы.

 Айдынбаев Еркебұлан Нұрланұлы - Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының кино және театр актері, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.

Аздерова Шолпан Мерекеновна - «Бриллиант» шығармашылық мектебінің басшысы.

Спандиярова Салтанат Сайранқызы - Журналист, тележүргізуші, «Үздік mediagroup» жетекшісі, «Үздік келін» байқауының жеңімпазы.

Күнбарша Тұрсынбекқызы - «Күнбарша» сұлулық академиясының негізін қалаушы.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.