Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің үйымдастыруымен зағип оқырмандардың кітап оқу мәдениетін дамыту және қолдау, қоршаған әлемді зерттеуге және қабылдауға бейімдеу мақсатында. «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында« Шексіз мүмкіндіктер әлемі» атты байқауы өтті.
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі», Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні», Дулат Исабеков «Дермене», Александр Куприн «Гранатовый браслет», Лев Толстой «Метель», Федор Достоевский «Сон смешного человека» берілген шығармалардан үзінді тыңдап, сол шығарманың атын анықтау және авторын табу. Шығармаға байланысты 5 сұраққа жауап беру.
Саусақ ұшымен сезіну арқылы тактильді суреттерді анықтау, суреттегі
бейнеге байланысты өлең жолдарын оқу
5 түрлі мақал мәтелді жалғастыру,
Байқауға бөлімнің 7 зағип оқырманы қатысып өз шеберлігімен біліктілігін жоғарғы дәрежеде көрсетті . Байқаудың I дәрежелі дипломымен Григорьева Анастасия, II дәрежелі дипломымен Бекенова Қарлығаш, III дәрежелі дипломымен Головушкина Марина марапатталды.
Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге алғыс хаттар берілді.