Ашық есіктер күні

Ашық есіктер күні

Жетісу облысының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы бойынша Ашық есік күні өтті. Шара архив құжаттарын пайдалана отырып, архив құжаттарын насихаттау, архивист мамандығының маңыздылығы мен қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақты ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартып, Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Ашық есік күніне жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.