Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Қазіргі қоғамдағы архивтердің рөлі»

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Қазіргі қоғамдағы архивтердің рөлі»

18-19 қыркүйек күндері  Астанада «Архив: Жаңа дәуір, Жаңа мүмкіндіктер» атты «ASTANA ARCHIVE FEST» халықаралық архившілер форумы және де ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Форумда қазіргі қоғамдағы архивтың рөлі, сонымен қатар қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында архив ісінің даму тенденциялары мен трансформациясы талқыланады.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Жетісу өңірінен қатысушылар - облыстық мемлекеттік архивінің бас директоры Истанбекова Гүлжихан Жұмаханқызы мен архивист Айтбекова Гүлназ Сейкенқызы.

Осы іс-шараның өзекті мәселелері электронды құжат айналымы жүйесінің бөлігі ретінде электрондық архивтерді құру және басқару, олардың қолжетімділігі мен сақталуын қамтамасыз ету үшін архивтік қорларды цифрлық форматқа көшіру, архив  деректерін талдау және өңдеу үшін жасанды интеллект, машиналық оқыту және басқа да озық технологияларды қолдану, сондай-ақ бизнес, ғылым және мемлекеттік басқарудағы өзекті мәселелерді шешу үшін архивтік деректерді пайдалану болып табылады.

Конференция Ресей Федерация, Татарстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан архив саласының өкілдерінің қатысуымен өтеді.