Ғалым, қоғам қайраткері, профессор Жұмахан Балапановтың 105 жылдығына орай танымдық сағат ұйымдастырылды

Ғалым, қоғам қайраткері, профессор Жұмахан Балапановтың 105 жылдығына орай танымдық сағат ұйымдастырылды

Жетісу облысы Сәкен  Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Жұмахан Балапановтың туғанына 105 жыл толуына орай «Ел іші – алтын бесік» атты танымдық сағат өткізілді.

Шара барысында қатысушыларға Жұмахан Балапановтың балалық шағы, соғыс жылдарындағы ерлігі, бейбіт кезеңде ел дамуына қосқан еңбектері туралы кеңірек мәлімет берілді. Ғалымның ауыл шаруашылығы экономикасын жетілдірудегі ғылыми жаңалықтары, профессорлық қызметі, шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі жайында деректер айтылды.

Сонымен қатар, танымдық сағатқа қатысушылар тұлғаның ел үшін атқарған қызметіне, жазған еңбектеріне тоқталып, естеліктерімен бөлісті. Жиын жылы пікірлерге толы болып, ғалымның өнегелі өмір жолы тағы бір мәрте кеңінен насихатталды.