«Жетісу – жырдың бұлағы» атты облыстық ақындар айтысы және жыршы-термешілер байқауы

«Жетісу – жырдың бұлағы» атты облыстық ақындар айтысы және жыршы-термешілер байқауы

Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Жетісу – жырдың бұлағы» атты облыстық ақындар айтысы сағат 10:00-де, жыршы-термешілер байқауы сағат 15:00-де өтті. Марапаттау рәсімі сағат 18:00-де өткізілді. Айтыстың  негiзгi  мақсаты тәуелсіз еліміздің жетістіктерін паш ете отырып, өз алдына отау құрғанына үш жыл толуына орай Жетісу облысының жетістіктері мен әлеуметтік-экономикасын және мәдениетін тілге тиек ету. Сондай-ақ, Бақтыбай Жолбарысұлы мен Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл және Қанабек Байсейітовтың 120 жылдығын көркем жырмен әспеттеп, болмысын ашу айтыстың басты шарты болып табылады. Айтысқа барлығы 8 айтыскер ақын қатысты, ал жыршы-термешілер байқауына 21 өнерпаз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Ақындар айтысы және жыршы-термешілер байқауының қазылар алқасы құрамында

  1. Айтақын Бұлғақов - Қазақстанның Еңбек  сіңірген қайраткері, Жетісу облысының Бас ақыны.

 Әміре Әрін - Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

  1. Нүсіпбай Әбдірахым - Ақын, Қазақстанның Құрметті жазушысы.
  2. Жангелді Немеребай - Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан  Жазушылар одағының  Жетісу облысы бойынша ресми өкілі, ақын.
  3. Ләззат Жанаманова - Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, жыршы-термеші.
  4. Мұхтар Күмісбек - Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
  5. Есхат Нұрәлі - Жыршы-термеші, Республикалық байқаулардың лауреаты 

Айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер ақшалай сертификаттар, дипломдар мен жүлделі орындарға ие болды.