КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ, ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУДЫҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ

КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ, ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУДЫҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ

Жетісу облысының әкімі

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың

Қазақстан Республикасы

Конституциясының 30 жылдығымен құттықтауы

 

 Құрметті жетісулықтар!

 Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Осы жылдар ішінде Ата Заң тәуелсіздікті нығайтудың және азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғаудың кепілі бола отырып, елдің экономикалық қуатын арттыруды, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз етіп келеді.

Бүгінгі күні іске асырылып жатқан президенттік реформалар «Заң және тәртіп» қағидасына негізделе отырып, Конституция талаптарының берік сақталуына, заңның үстемдігін орнықтыруға, әділдік пен адалдық құндылықтарын қоғам санасына терең сіңіруге ықпал етуде. Сондықтан басты Заңымызға құрметпен қарау – әрбір азаматтың қастерлі борышы. Өйткені бұл – өркенді дамудың, ынтымақ пен бірлікті сақтаудың  басты шарты.

Өз кезегінде жетісулықтар ел болашағы жолындағы жауапкершілікті сезініп, ортақ міндеттерге қол жеткізуге үлес қоса береді деп сенемін.

Баршаңызға мықты денсаулық, барлық игі бастамаларыңызға  табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.